430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мамырдың соңына дейін тоғыз экологиялық бекет пайда болады

  • 100
  • UPD: 22:37, 17.03.2021

Алматыда экологиялық бекеттер жаңартылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамыр айының соңына дейін қалада қосымша 9 бекет пайда болады. Күн сайын мегаполис көшелерінде 700 мыңға жуық көлік жүрсе, соның 200 мыңнан астамы сырттан келеді. Бұл жағдай қаланың онсыз да нашар экологиясына әсер етпей қоймайды. Сондықтан қоршаған ортаға зиян келтіретін көліктерді анықтап, жүргізушілерді тәртіпке шақыру үшін бекеттерді көбейту керек.

Алмас Садуақас, тілші:

- Шығыс айналма жолындағы бұл экологиялық бекет толық жаңартылды. Модульдік нысанның іші мен сыртына бейнебақылау камералары орнатылды. Күн сайын экобекетте 50-ге жуық көлік тексеріледі. Ең алдымен көліктен шығатын көк түтін құрамындағы көмірқышқыл оксиді қалыпты болуы қажет. Түтіндегі зиянды қалдық көлемі арнайы құрылғыда көрсетеліп, процентпен есептеледі.

Мақпал Назарбаева, оператор-эколог:

- Көмірқышқылы екі жарымнан асқан болса, егер де, мысалы 96 жылғы көліктікі қалыпты. Бұған жүруге болады. Ал егер бұл кісілердікі екіден асып, 3, 4 болып кетсе, ол экологияға зиян деген сөз.

Айдын Темешов, қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде Кедендік одақтың ішіндегі мемлекеттердің аралығында техникалық регламент деген бар бекітілген. Сол регламенттерге сәйкес болу керек мына автокөліктердің выхлоптары. Және де біз тексеріп жатқан қазір осында қойған құрылғылар да сол техрегламентке сәйкес.

Экобекеттегі жұмыс істейтін инспектор көлік нөпірінен таңдағанын тоқтата береді. Жылы жаңа көліктен шығатын түтін құрамындағы көмірқышқыл оксиді 1%-ке жететін болса, талап бойынша қалаға кіруге рұқсат жоқ. Алайда, тәртіп сақшылары бірінші жолы жүргізушіге тек ескерту жасайды. Егер екінші жолы тоқтатылған жағдайда ескертуді елемей, көлік қозғалтқышын талапқа келтірмесе оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Ержан Ұзабаев, қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

- Кешегі тәулікте жұмыс істегенде 47 көлік тоқтатылды. Соның ішінде 7 хаттама жазылды. Бір посттан. Қазір істеп жатқан екі пост. Пост Думан, Маяк деген. Осы екі постта осындай жұмыс атқарылып жатыр қазір.

Мамандардың айтуынша, Алматыдағы көліктердің 60%-і экологиялық талапқа сай емес. Жалпы ескірген автомобильдердің саны бойынша Алматы қаласы республикада екінші орында тұр. Бірінші орында Алматы облысы. Сондықтан экологиялық талапты күшейту өте маңызды. Жасыл экономика басқармасы өкілдерінің айтуынша, жазға дейін қалада 19 экологиялық бақылау бекеті жұмыс істейді. Осылайша, күн сайын қалаға кіретін 500 автокөлікті тексеру жоспарланған.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы