Елімізде жалпы ішкі өнім көлемі өсуі мүмкін

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақы көлемі 220 мың теңгеден асатыны рас.

Апта басында жарияланған бұл ақпарат шынайы және бұған күмәнмен қараудың қажеті жоқ. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев статистикалық мәліметті тағы бір мәрте нақтылап, ешқандай қате кеткен жоқ дегенді айтты. Оның сөзіне сенсек, статист мамандар халықаралық әдіснамаға сүйенген. Ведомство басшысының болжамы бойынша биыл жыл соңында елдегі жалпы ішкі өнім көлемі 3,1%-ке өсуі мүмкін. Бірақ бұл соңғы әрі нақты көрсеткіш емес. Бәрі де мұнай бағасына байланысты. Ал 2025 жылға қарай жұмыссыздық көрсеткіші 4,7%-ке, көлеңкелі экономика деңгейі 15%-ке төмендейді.

Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Жаңа нақтылық жағдайында ұлттық жоспар 7 негізгі қағидатқа негізделетін дамудың жаңа моделін қалыптастырудың жаңа моделін қамтамасыз етеді. Игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, адал бәсекелестік, өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялық жағынан арттыру, адами капиталды дамыту, қоршаған ортаны қорғау.