Бетперде кимеген Өскемен әкімі айыппұл төледі

Бетперде кимеген Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да айыппұл төледі.

Бұл туралы облыстық санитарлық эпидемиологиялық департаментінің өкілдері мәлімдеді. Белгілі болғандай, қала басшысы шаһарда мәнерлеп сырғанаудан өткен фестивальді тамашалауға барған. Алайда бетперде кимеген. Сөйтіп, іс-шара кезінде түсірілген фотосуреттер мен бейнежазбалардан осыны байқаған тұрғындардың біршамасынан салалық департаментке шағым түскен. 

Бағлан Тауанова, ШҚО СЭБД жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы:

- Соған сәйкес, 15 АЕК көлемінде айыппұл төледі. 43 755 теңге Бетперде тәртібі барлық тұлғаларға қатысты, сондықтан қандай да бір дәрежеге немесе лауазымға қарамастан барлық тұлғалар өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау мақсатында қойылған талапты орындауы тиіс.