Елордада полиция қызметкерлерін вакциналау жүргізіліп жатыр

Елордалық Полиция департаментінің қызметкерлеріне вакциналау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші кезеңде халықпен тікелей қарым-қатынас жасайтын, яғни дерт жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер екпе алды. Оның ішінде учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция, ювеналдық полиция және басқа да қызметкерлер бар.