БҚО тұрғыны медицина мамандарын бетперде кимеді деп айыптады

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында медицина қызметкерлері бетперде кимейді.

Мекемеге науқас анасының халін білуге келген жергілікті тұрғын әлеуметтік желіге осындай бейнетаспа жариялады. Ол: «ақжелеңділер санитарлық талапты сақтамағанымен қоймай, дөрекілік танытты» дейді. Ауруханада қауіпсіздік қағидалары ескерілмегенін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы да растады.

Арман Қалибеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

- Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес медициналық мекемелерде фото және бейнетүсірілімге рұқсат етілмейді. Бұл жерде анық заң бұзылған. Өйткені бұл жағдай дәрігерлердің түскі ас ішетін уақытында болған. Енді дәрігерлер де түскі ас ішуге құқылы болар? Ал, ол кісі ауруханаға емес, ординатор бөлмесіне кірген. Бөгде адам кірген кезде бетперде кимегені үшін біз қызметкерлерімізге тәртіптік жаза қолданамыз.