Жаңаөзенде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңаөзен қаласында жаңа «Балақай» оңалту орталығы ашылды.

Орталық кешенді оңалту қызметін көрсетеді, атап айтқанда, оған 9 қызмет кіреді: емдік дене шынықтыру, гидротерапия, физиотерапия, массаж, арнайы жабдықта иппотерапия, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық түзету.

Сондай-ақ орталыққа Жаңаөзен қаласының 15 білікті маманы жұмысқа орналастырылды.

«Біздің қаламызда осындай заманауи оңалту орталығы пайда болғанына өте қуаныштымын. Менің ұлымның церебральды сал ауруы бар және бізге үнемі оңалтудан өтіп отыру қажет. Мұнда бізге көмектесе алатын білікті мамандар, жаңа жабдықтар, тренажерлер бар. «Ерекше» балалардың ата-аналарының атынан осы орталықты ашуға көмектескендердің барлығына алғыс айтамын», - деді екі жасар Бердіғали Алтынбектің анасы Биялай Дүрісбаева.