Елімізде 19 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

Елімізде 19 871 адам коронавирус инфекциясынан (16 191 КВИ+ және 3 680 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 5 603 пациент стационарда, 14 268 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:

  • 236 адамның жағдайы ауыр;
  • 65 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.