430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2023 жылдан бастап қазақстандықтар діңгекті жасушалармен емделеді

  • 97
  • UPD: 13:41, 18.03.2021
2023 жылдан бастап қазақстандықтар діңгекті жасушалармен емделеді

Жақын арада Ұлттық биотехнология орталығы осы бағыттағы клиникалық зерттеулерін бастауға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы жазда еліміздің түрлі ауруханаларында ем-дом қабылдап жатқан жүздеген науқас сынаққа қатысуға мүмкіндік алады. Бұл зерттеулер шамамен 2 жыл бойы жүргізіледі. Діңгек жасушалармен емдеу тәсілі негізінен егде жастағы буындары әлсіреген адамдарға қолданылады. Спортпен айналысып немесе жол апатында түсіп, жарақат алғандарға да бұл әдіспен емделу пайдасын тигізеді. Ғалымдардың айтуынша, діңгекті жасушаларды енгізу арқылы адамдардың буындары толық қалпына келеді.

Ерлан Раманқұлов, ҚР БҒМ ҒК ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

– Біз ұзақ жыл бойы адам ағзасынан діңгек жасушаларды шығарып, оларды көбейту тәсілін меңгердік. Өзіміздің тың әдісімізді ойлап таптық. Енді клиникалық зерттеулер жүргізуге кіріспекшіміз. Бізді Білім және ғылым министрлігі қолдап, арнайы бағдарлама даярлады. Соның аясында орталыққа 150 миллион теңге қаражат бөлу жоспарланған. Осы қаржы есебінен екі жыл бойы сынақ жүргіземіз. Көптеген адамның сауығып кетуіне көмектесеміз.

Хабар 24 телеарнасы