Қарағандыда 20 наурыздан бастап карантин талаптары күшейтіледі

Қосымша шектеу шаралары облыс орталығында, Теміртау, Шахтинскіде, Приозерск, Абай және Ақтоғай ауданында енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған аймақтарда коронавирус жұқтыру дерегі орташа көрсеткіштен асып кеткен. Сондықтан кинотеатрлар, музей, концерт залдары мен цирктердің жұмысы тоқтатылды. Жаңа ережеге сай, демалыс күндері ірі сауда, ойын-сауық орталықтары жабық болады. Сондай-ақ сенбі-жексенбіде облысішілік автобустардың 6 бағыты тоқтатылады.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы індеттің таралу қаупі бойынша «сары аймақта». Кейінгі апталарда кеселге шалдыққандардың қатары 33 процентке өскен. Бүгінде стационарларда 600-дей науқас ем алып жатыр. Кей аудандардағы ауруханаларда төсек орындардың толу деңгейі 40 проценттен асады.

Юрий Залыгин, облыстың бас санитар дәрігері:

– Сенбі-жексенбіде «Ашық» жобасына қатыспайтын сауна, Спа орталықтар, массаж салондары мен бассейндердің жұмысы тоқтайды. Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін ғана қызмет көрсетеді. Келушілердің саны 30-дан аспауы тиіс.