Ақтөбе облысының шекарасында 36 млн-нан астам теңгеге заңсыз дәрі-дәрмек алып өтпек болғандар ұсталды

2021 жылғы 17 наурызда қазақстандық шекарашылар «Жайсан» (Ақтөбе облысы) автокөліктік өткізу пунктінде дәрі-дәрмектің ірі көлемін заңсыз алып өтудің жолын кесті.

«Мәскеуден (РФ) Бішкекке (ҚР) бағыт алған «ДАФ» маркілі автокөлігін инспекциялық-тексеріс құрылғысы (ИТҚ) мен талшықты-оптикалық эндоскопты қолдана отырып тексеру барысында «үй жиһаздары» негізгі жүгінің астына жасырылған 19 200 дана (80 қорапта 240 орау) «Зиннат» (ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер) дәрісі анықталды. Өткізілмек болған жүктің рұқсат құжаттары болмай шықты. Дәрі-дәрмектің бағалау құны 36 384 000 теңгені құрады, – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.

Қазақстан аумағы арқылы дәрілік заттарды заңсыз алып өтудің бірінші әрекеті емес екенін атап өту қажет.

Ұсталған жүк Ақтөбе облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді.