Елордада «Еңбек жолы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында елімізде «Еңбек жолы» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Кез келген кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық қызметкері конкурсқа қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады;
2) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс қызметкері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс облыстық және республикалық кезеңнен тұрады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б., 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе қызметкердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

* мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
* біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 16 наурызынан бастап 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 70-32-79, 8-705-414-80-27 («Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ) телефоны арқылы алуға болады.
Мекен-жай: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 13 үй, 2-қабат, 217 кеңсе, еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, эл.пошта: l.babieva@astana.kz.