Алматыда волонтерлер қайырымдылық шарасын қолға алды

Алматылық волонтерлер Наурыз мерекесі қарсаңында қайырымдылық шарасын қолға алды.

«Мейірімді істер» марафоны аясында жастар тұрғындарға ыстық тамақ таратты.

Волонтерлердің айтуынша, олар бірінші кезекте қиын жағдайға тап болған жандарды қамтуды көздеген. Сондай-ақ коммуналдық мекеме қызметкерлеріне де түскі ас апарып берілді. Шара аясында 100-ге жуық адамға ыстық тамақ таратылды. Мұндай қайырымдылық істері бұдан былай да жалғасады. Бұл жолғы шара Наурыз мерекесіне арналды.

Бағдат Анарбаева, жастар орталығының жетекшісі:

- Біз студенттермен бірлесе отырып, ауыр жағдайда жұмыс істеп жатқан немесе ауыр жағдайда қалған үйсіз жүрген адамдарға кішігірім көңілімізді, мейрімділігімізді көрсетуді жөн көрдік. Соған ыстық тамқ шәй дайындап, қаланың әр жерінде таратып жатырмыз. Мейрам қарсаңында көктемнің басталуына орай  оның үстіне осы жылды «Мейірімді істер марафоны» деп тағайындаған болатын. Осы жобаның аясында да қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрамыз.