430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада рухани даму тетіктері талқыланды

  • 111
  • UPD: 22:31, 18.03.2021

«Руханият мәселесіне тек ескі салт-дәстүрдің жиынтығы деп қарамау керек, ол ескінің тозығын тастап, жаңаның озығын дамыту деген сөз».

Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау тақырыбына арналған отырыста Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осылай деді.

Наурыз мейрамы ынтымағы жарасқан халқымыз үшін қашан да бірлік пен татулық мерекесі. Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көктем мерекесінің мазмұнын байыту туралы тапсырма берген. Осыған сәйкес жаңа тұжырымдама әзірленіп, соның негізінде қоғамды игі істерге жұмылдыру жоспарланып отыр. Отырысқа мемлекеттік органдар мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сарапшылар қатысты.

Хабар 24 телеарнасы