Алматыдағы 12 мектептен жарылғыш заттар іздестірілуде

Белгісіз адам Алматының 12 мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат таратқан.

Мектептерді саперлар тексеруде, деп хабарлады inAlmaty.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы 12 мектептің электрондық поштасына жарылғыш заттар қойылғаны туралы хат келген. Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен, әйтпесе ғимараттарды жарып жіберетіні туралы ескертіп, қорқытқан.

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша тіркелді. Жасырын автордың жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.