Оралдық еріктілер тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады

Оралда еріктілер Наурыз мейрамын айшықтай түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ұлттық нақышта киініп, мерекелік композициялармен безендірілген арбат бойында тұрғындарға бауырсақ таратты. «Ауа райы жылынып, шуақ түскен уақытта адамдардың жүзін осылай одан әрі жадыратқымыз келді», - дейді жастар. Шара аясында тұрғындарға қазақтың салт-дәстүріне қатысты сауалдар қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар волонтерлер аймақта эпидахуалдың қайта күшейіп бара жатқанын еске салып, оларға медициналық маскаларды тегін үлестірді. Оралдықтар мазмұнды акцияға қолдау көрсетіп, волонтерлерге ақжарма тілектерін арнады.

Нұрбақыт Жамбылова, ерікті:

- Мұнда біздің негізгі мақсатымыз – жастарға деген әдет-ғұрыптарды, осындай қазақи салт-дәстүрлерімізді, осындай дәстүрлі тағамдарымыздың барлығын насихаттау болып табылады. Бізге келіңіздер! Наурыз құтты болсын!