430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбені мұз басып, тұрғындар әбігерге түсті

  • 123
  • UPD: 13:49, 19.03.2021
Ақтөбені мұз басып, тұрғындар әбігерге түсті

Ақтөбеде бүгін көктайғақ. Құбылмалы күннің райы көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын қиындатып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында кеше кешкілік қар аралас жаңбыр жауып, соңынан ауа температурасы төмендеді. Нәтижесінде шаһарды мұз басып, тұрғындарды әбігерге салып отыр. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті 8 республикалық және облыстық маңызы бар 2 бағыттағы жолдың жабылғанын хабарлады. Атап айтқанда, Самара – Шымкент, Ақтөбе – Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Ортас жолдарының бірқатар учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылған. Құтқарушылар өткен түнде жолда қалған 10 адамды эвакуациялады.

Хабар 24 телеарнасы