Шарм-эль-Шейхтен келген төрт жолаушыдан ковид анықталды

Шетелден келген 4 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар екі күн бұрын Шарм-эль-Шейх – Алматы, Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсінен түскендер. Бұл туралы санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандары хабарлады. Ал кеше ел аумағына 34 халықаралық рейс жасалды. Жолаушылардың 357-інде ПТР анықтама болмай шықты. Нақтыласақ, Нұр-Сұлтан әуежайында 228, Алматыда 129 азамат санитария талаптарына бей-жай қарағаны анықталды. Қазір олар карантиндік стационарда тест нәтижелерін күтіп жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстандық туроператорлар қауымдастығының шешіміне сәйкес, ертеңнен бастап ПТР анықтамасы жоқ азаматтар бұдан былай ұшаққа отырғызылмайды.