424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда коронавирустың жаңа штамдарына ұқсас ықтимал мутация анықталды

  • 375
  • UPD: 14:24, 19.03.2021
Алматыда коронавирустың жаңа штамдарына ұқсас ықтимал мутация анықталды

Елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штамдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді.

2021 жылғы 17 наурызда Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделеді.

Зерттеу нәтижелері бойынша «британдық», «оңтүстікафрикалық», «бразилиялық» штамдарға ұқсас ықтимал мутация анықталды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Мутацияны және оның осы штамдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде айқындалатын болады.

Айта кету керек, КВИ-дің алдын алу және мутацияны емдеу шаралары қолданыстағы тәсілдерге ұқсас. Ол – маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарға бармау, сондай-ақ халықты жаппай вакцинациялау.

Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметтері бойынша қазір Қазақстан Республикасында қолданылатын Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасының «британдық» штамға тиімділігі дәлелденді.

Демалыс және мереке күндері қарсаңында КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін тиісті сақтық шараларын мұқият сақтау қажет.

Хабар 24 телеарнасы