ҚР ДСМ: Коронавирустың жаңа штамдарына талдау жүргізіліп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа штамдарына зерттеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады министрлік басшысы Алексей Цой.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп COVID-19 штамдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді. Алматы қаласы бойынша КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделенді. Зерттеу нәтижелері бойынша «британдық», «Оңтүстік Африка», «бразилиялық» штамдарға ұқсас ықтимал мутация анықталды. Мутацияны және оның осы штамдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде айқындалатын болады.

Айта кету керек, корорнавирустың алдын алу және мутацияны емдеу шаралары қолданыстағы тәсілдерге ұқсас. Бұл маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарға бармау, сондай-ақ халықты жаппай вакциналау.