Биылғы Наурыз мерекесі бұрынғыдан өзгерек болады

Ұлттық спорттық ойындар өткізілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі санитарлық талаптарды орындау маңызды. Көпшіліктің етене араласуына жол берілмейді. «Қызыл аймақтағы» өңірлерде Наурыз мейрамы кең ауқымда мүлде тойланбайды. Санитарлық-эпидемиялық қызмет өкілдері осындай ұсыныс айтты. Ал «сары аймақта» тұрған облыстарда мереке өткізілетін нысандар сыйымдылығы 20 процентке ғана толуы керек. «Жасыл аймақта» 30%-ке рұқсат етілген.

«Мерекені тек шаңырақ астында отбасымен атап өту керек», - дейді мамандар. Халықтың шоғырын тудырмау үшін думанды шаралар онлайн форматта өтеді.

Сондай-ақ...