Коронавирустан емделіп жатқан 64 науқастың жағдайы өте ауыр

20 наурыздағы мәлімет бойынша елімізде 20 583 адам коронавирус инфекциясынан (17 179 КВИ+ және 3 404 КВИ-) емделуде.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. 

Олардың ішінде 5 914 пациент стационарда, 14 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 250 адамның жағдайы ауыр;

• 64 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.