19 наурызда Қазақстан аумағына 32 әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді.
4 733 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 321 адам, анықтамасыз 412 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 377 жолаушы, анықтамамен - 2 110, анықтамасыз - 267; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 301 жолаушы, анықтамамен - 1 241; анықтамасыз - 60; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 797 жолаушы анықтамамен келген; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 7 жолаушы анықтамамен келген; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 130 жолаушы, анықтамамен - 67; анықтамасыз - 63; Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 121 жолаушы, анықтамамен - 99; анықтамасыз - 22.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Анықтамасыз келген 357 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.