433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында карантин күшейтілмейді

  • 126
  • UPD: 16:53, 20.03.2021

Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Мұнайлы өңірде мейрам күндері карантиндік талаптар күшейтілмейді.

Сауда үйлері мен ашық және жабық базарлар сыйымдылықты 30 проценттен асырмай жұмысын жалғастырады. Сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, СПА-орталықтар мен бассейндер таңғы 7-ден кешкі 10-ға дейін қызмет көрсетеді. Алайда Наурыз мейрамы шектеу ережесі негізінде ұйымдастырылады. Іс-шаралар онлайн өтеді. Атырауда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Қазір 1 мыңнан астам педагог вакцина салдырған.

Нина Оспанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі уақытта бізде 132 адамға бірінші компонент салынды. Оның ішінде 23 медицина қызметкеріне, 13 педагогке, 97 полиция қызметкеріне салынып отыр. Өңірге бұған дейін 3 мың вакцина келген болатын. Бүгінгі күні 200-дей вакцина қалды дозасы. Осы Наурыз мерекесінің алдында аяқтаймыз деген жоспарымыз бар. Бұл вакцина бізге кезең-кезеңімен келіп отырады.

Хабар 24 телеарнасы