Ақтөбеде дәрігерлер Наурыз мейрамын үйде атап өтуге кеңес берді

Ақтөбе облысында Наурыз мейрамына орай көпшілікке арналған іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

Түрлі сипаттағы конференциялар, мерекелік кештер ұйымдастыруға да рұқсат жоқ. Бұған дейінгі қаулыға сәйкес балабақша, мектеп және өзге де мекемелерде жиын өткізуге болмайды. Өңір «жасыл аймақта» болғанымен соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар санының өсуі байқалады. Тек өткен тәулікте 26 жағдай тіркелген. Облыс орталығынан шалғай жатқан Ойыл ауданында инфекцияның алдын алу жұмысы күшейтілді. Дәрігерлер, тұрғындарға Ұлыстың ұлы күнін тойлауды көпшілік жиналатын жерде емес, отбасында атап өтуге кеңес берді. Концерттік залдар мен кинотеатрлар жұмысына рұқсат бар. Дегенмен, көрермен толымдығы 30 проценттен аспауы керек.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Көрмелерге, ойын-сауық, сондай-ақ мерекелік корпоративтерді, салтанатты шараларды, адамдар көп жиналатын басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Сондықтан алдымызда үлкен мерекелер келе жатыр. Сол мерекелерді Ақтөбе облысының тұрғындарынан сұрайтынымыз жанұяның ортасында өзіңіздің үй ішінде өткізуді сұраймын.

Сондай-ақ...