Ғаламторда Ақтаудың ғарыштан түсірілген көрінісі пайда болды

Бұл кадрларды ресейлік ғарышкер Олег Артемьев халықаралық ғарыш станциясы Каспий жағалауындағы қаланың үстінен ұшып бара жатқанда түсіріп алыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін де Олег Артемьев бірнеше рет Ақтауды ғарыштан түсіріп, кадрларды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған еді. Мәселен, былтыр ғарыш станциясының таспасына Маңғыстау облысында көтерілген шаңды дауыл түсіп қалғанды.