429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

  • 136
  • UPD: 09:21, 21.03.2021
Елбасы Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Көктемгі күн мен түннің теңелуі – бүкіл қазақстандықтар асыға күтетін және ерекше атап өтетін айтулы мереке. Тәуелсіздік жылдары бұл мереке ел бірлігінің жарқын символына айналды. Ол татулық, тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің үйлесімді дамуының іргетасы әрі зор жеңістерінің кепілі екенін айғақтайды. Біз Тәуелсіздіктің осы негізгі құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай нығайтуға тиіспіз. Осы шуақты мерекеде Отанымыз – Қазақстан Республикасына шын жүректен тыныштық пен бақ-береке тілеймін. Әрдайым шаңырақтарыңыздан ырыс пен ынтымақ, игілік пен молшылық кетпесін!», – делінген құттықтауда.

Хабар 24 телеарнасы