Қазақстандағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 22 наурыздағы ақпарат жарияланды, деп мәлімдейді ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
22 наурыздағы мәлімет бойынша 21 314 адам короновирус инфекциясынан (18 228 КВИ+ және 3 086 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 369 пациент стационарда, 14 945 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 287 адамның жағдайы ауыр;
- 65 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 35 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.