Елімізге шетелден келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

Қазақстанға ұшақпен жеткен 2 жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар, Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе, Минск – Нұр-Сұлтан бағытымен келгендер. Ал кеше ел аумағына 43 халықаралық рейс жасалды. Жолаушылардың 177-інде ПТР-анықтама болмай шықты.

Атап айтсақ, Алматыда 141, Нұр-Сұлтанда 29, Түркістан әуежайында 7 адамның санитарлық талаптарға бей-жай қарағаны белгілі болды. Қазір бұл азаматтар карантиндік станционарда тест нәтижесін күтуде.