432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада көп балалы аналар мен ұлағатты әжелер халық әндерін шырқады

  • 122
  • UPD: 12:47, 22.03.2021
Қызылордада көп балалы аналар мен ұлағатты әжелер халық әндерін шырқады

Қызылордада әйелдер қозғалысының мүшелері қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы адам нөпірі көп ойын-сауық орталығының бірінде көп балалы аналар мен ұлағатты әжелер халық әндерін шырқап, айналаны думанға бөледі. Қазақы нақышта киініп, ұлттық музыкалық аспаптар асынған түрлі этнос пен қоғамдық бірлестік өкілдері де іс-шараның сән-салтанатын асырды. Акцияға қатысушылар құрт-ірімшіктен шашу шашып, ыстық бауырсақ таратты.

Рахима Ахметова, қоғамдық бірлестік төрайымы:

- Бұл мереке – өмірдің басы. Өмірге құштарлық, ұрпаққа келешек ойлайтын ана. Сондықтан көп нәрсе анаға байланысты. Ана бір ғана отбасының тыныштығы емес, ана бүкіл әлемнің, елдің тыныштығын қалайды. Сондықтан қыздар, әйелдер, жастар, балалар болып бүгін елді бірлікке, келісімге шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы