Ердоғанның дәрігері ұшақта қазақстандық сәбиді өлімнен құтқарды

Түркиялық дәрігер қазақстандық сәбиге шұғыл көмек көрсетіп, ажалдан аман алып қалды.

Осы оқиғаға байланысты Бішкек-Ыстамбұл бағытындағы ұшақ Анкараға шұғыл түрде қонған. Санкт-Петерборға ем қабылдауға аттанған ана мен егіз балаларының бірінің жағдайы нашарлаған тұста борттағы түркиялық дәрігер көмекке келген. Режеп Шекер – парламент депутаты әрі Түркия президентінің жеке дәрігері. Ал кішкентай отандасымыздың жағдайы қазір қалыпты.

Сондай-ақ...