Алматыда мониторингтік топ түнгі клубты жапты

Алматыда карантин талаптарын бұзғандар анықталып, айыппұл салынды.

Өткен түнде мониторингтік топ Медеу ауданындағы түнгі клубты бақылаған. Сөйтіп онда болған 150-ден астам адамға айыппұл салынды. Түнгі клубта жұмыс режимін бұзудан басқа, адамдардың жаппай жинау, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сияқты эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған. Қазір қалада 32 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олардың құрамында аудан әкімдігі, жергілікті полиция қызметі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар.

Берік Солтанбаев, Алматы қ. Медеу ауданы әкімінің орынбасары:

- 18-21 наурыз аралығында түнгі тексеру кезінде Медеу ауданы бойынша 250 нысан зерттелді. Оның ішінде 50-ден аса нысанда бұзушылықтар анықталды. Заңды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Сондай-ақ карантиндік шараларды бұзғаны үшін Медеу ауданы бойынша 170-тен астам тұлғаға айыппұл салынады.