Петропавлдың әйелдер колониясында Наурыз мейрамы атап өтілді

Петропавлдағы әйелдерге арналған колонияда Әз-Наурыз мейрамы аталып өтілді. Түрме әкімшілігі осылайша мереке қарсаңында жазаларын өтеп жатқан нәзік жандылардың көңіл-күйін көтеруді ұйғарыпты.

Шара барысында қыз-келіншектер сахнада ән салып, би билеп өнерлерін көрсетті. Бұдан бөлек арқан тарту, гір көтеру, қол күрес секілді спорттық сындарда бақтарын сынады. Жалпы аталған шараның басты мақсаты төл мерекемізді ұлықтап, темір тордың ар жағындағыларды қоғамдық өмірге бейімдеу болып табылады. 

Альфия Жетібайқызы, жазасын өтеуші:

- Клубта әндер, би болып жатыр. Ал далада киіз үй тіктік. Оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдары, бауырсақ, бешбармақ, міне қазанда палау жасалып жатыр. Мерекемізді жақсы ниетпен, жақсы көңілмен өткізуге жиналдық.