Аягөзде мейрамхана Халыққа қызмет көрсету орталығы болып қайта жасақталды

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулерге байланысты мейрамханалар әлеуметтік нысандарға айналып жатыр. Мәселен, Аягөз қаласының орталығындағы тойханалардың біріне енді жұрт ойнап, билеуге емес, құжаттарын реттеуге келеді. Аумағы 380 шаршы метр болатын ғимаратта келушілерге барлық жағдайлар қарастырылған. Карантинге байланысты сақтық шаралары да ескерілген. Шаһардағы мұнан басқа да мейрамханалар бағытын өзгертіп, бірі көтерме қоймаға айналса, енді бірі кәдімгі асхана ретінде жұмыс істеп тұр.  

Кама Ахметжанова, Аягөз аудандық ХҚКО маманы:

- Бұрынғы ғимаратымыз біздің әлдеқайда кішірек болған бұрын. Қазір ғимаратымыз орталық жаққа келді және де үлкен, жарықтандырылуы бәрі жақсы. Халыққа ыңғайлы. 

Айгүл Қайранбаева, Аягөз қаласының тұрғыны:

- Бұрын осы жерде талай тойды да өткіздік балаларымыздың. Елдер билеп, секіріп жақсы болып жататын. Қазір кейіннен карантинге байланысты бәрі қысқарып, осындай халыққа қызмет орталығы болды. Өзім зейнетке шығуға 3 ай қалды. Соны құжаттарын жинап, көрсетіп алайын деп келіп тұрмын. Қазір жақсы жұмыс көрсетіп жатыр, еңбектеріне бес деген баға қоямын.