433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде карантин күшейтіледі

  • 148
  • UPD: 13:10, 23.03.2021
Ақтөбеде карантин күшейтіледі

Ертеңнен бастап Ақтөбе облысында карантин күшейтіледі. Бұл туралы жаңа қаулыға өңірдің бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева қол қойды.

Облыс аумағында мерекелік және бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынды. Ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың жұмысы тоқтатылады. Жоғарғы және орта білім беру мекемелерінде асханалар уақытша жабылады. Жексенбі күндері монша жұмыс істемейді. Қоғамдық көліктер ғана қатынауын тоқтатпайды. Бірақ онда санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек. Банктер, Қазпошта бөлімдері мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін қысқартылады. Жаңа талап бүгін сағат 00:00-де күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы