Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі кейінге қалдырылды

Күннің қолайсыздығына байланысты «Шымкент – Нұр-Сұлтан» және «Қостанай – Нұр-Сұлтан» рейстері Алматының қосалқы аэродромына бағытталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елордадағы әуе айлағының баспасөз хатшысы хабарлады. Сондай-ақ ол ауа райына байланысты «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» рейсінің тоқтатылғанын айты. Бұдан бөлек, Алматы, Түркістан және Ташкенттен келетін рейстер кешіктіріліп жатыр. Осы орайда жолаушыларға кестені әуежайдан және әуе компаниялардың сайтынан бақылауға кеңес беріледі.

Еске салайық, бас шаһарда дауылды ескерту жарияланған. Синоптиктердің хабарлауынша, елордада қар жауып, қатты жел тұрады.