Жеті баланың әкесі: Табыстың кілті – еңбекте

Ерінбегеннің еңбегі жанар! Солтүстік Қазақстан облысында тұратын Александр Федореевті осындай азамат деуге болады.

Ол 7 баланың әкесі. Жеті балам бар деп ешкімге қарап отырған жоқ. Сергеевка қаласында жиһаз жасап, шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Табыс пен бақыттың кілтін тапқан отбасымен аймақтағы тілшіміз Айдарбек Айтмұхамбетұлы танысып қайтты.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл бәрі емес. Олардың тағы да Саша, Версалия есімді аға-әпкесі мен 4 айлық Мария қарындасы бар. Барлығы да бір үйдің балалары. Осындай үлкен отбасын асырау әкенің мойнында.

7 баланың әкесі Александр ауданда алғашқылардың бірі болып жиһаз жинай бастады. Қазір шағын өндірісі мен дүкені бар. Қарамағында 4 адам жұмыс істейді. «Табыстың кілті – ерінбей еңбек етуде», - дейді кәсіпкер.

Александр Федореев, кәсіпкер:

- Ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Бұл адамның өзіне байланысты. Ынта-жігер болса, бәрі де болады. Мемлекет түк бітірмейді деп айту оңай. Еңбектену керек.

Үйдің ұйытқысы – Мария. Аналарына ұл-қыздары қолғанат. Әрқайсының өз міндеті бар. Бірі үй жинайды, ал енді бірі еден жуып, қар тазалайды. «Балаларым әкелері секілді еңбекқор болып өссе», - дейді бақытты әйел.

Мария Федореева, Сергеевка қаласының тұрғыны:

- Үлкен отбасы – үлкен бақыт. Одан соң еңбек. Әрине шаршаймын. Бірақ бір жаққа ұзамай шығып кетсем болды, балаларымды сағынып, үйге асығам. Сосын күйеуім қолдайды.

Бұл шаңырақта шаттық көңілі шалқып тұр. Балалар бір-біріне бауырмал. Көпшіл. Кең болсаң, кем болмайсың деген осы шығар...

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Сондай-ақ...