433,54 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтандағы боран: 724 адам құтқарылып, 425 көлік шығарылды

  • 142
  • UPD: 11:26, 24.03.2021
Нұр-Сұлтандағы боран: 724 адам құтқарылып, 425 көлік шығарылды

Өткен тәулікте еліміздің тас жолдарында 425 көлік қар құрсауынан шығарылып, 724 адам құтқарылды.

Оның 111-і – бала. Бұл туралы Төтенша жағдайлар министрлігі хабарлап отыр. Дәл қазір ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың он шақты жол учаскесі жабық тұр. Ал Павлодар өңіріндегі жолдар тазартылып, ашылуға дайын.

Хабар 24 телеарнасы