Елордалық ТЖД мамандары су тасқындарына алдын ала дайындықты бастап кетті

Биыл елордада жауған қар көлемі былтырмен салыстырғанда 80 процентке аз.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу деператаментінің бастығы Бауыржан Бейсенқанов хабарлады. Көрсеткіштің төмен болғанына қарамастан мамандар су тасқындарына алдын ала дайындықты бастап кетті. Олар қаладағы 29 қауіпті аймақты анықтап, оларды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 600-ден астам құтқарушы қажетті оқу-жаттығулардан өтті. 1 жарым мың адамды қабылдай алатын 10 орынмен келіссөз жүргізілді. Азық-түлікпен қамтамасыз ететін мекемемен меморандум жасалды. Азаматтарды құтқаруға қажетті 185 техника бар.

Бауыржан Бейсенқанов қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы:

– Бүгінгі күні 1 млн 400 мың текше метр қар шығарылды. Қазіргі таңда 11 полигон бар. Былтырмен салыстыратын болсақ, осы уақытта қала бойынша 6 млн текше метр қар шығарылған. Бұл 80 процентке аз.