Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтті

Түркістан қаласында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Қазақстан, Қытай және Өзбекстаннан 2002-2004 жылдары туған 130-ға жуық спортшы қатысты. 

Жеңімпаздар: 

49 келі: Жарас Қомшабаев (Маңғыстау облысы), 

52 келі: Ғаббас Дүйсекенов (Павлодар), 

56 келі: Мадияр Қыдырәлі (Түркістан облысы), 

60 келі: Сағын Арман (Түркістан облысы),

64 келі: Абзал Серік (Шымкент), 

69 келі: Әділжан Жандарбек (Түркістан), 

81 келі: Рахат Жаңабек (Түркістап),

 90 келі: Темірлан Аманбек (Елорда), 

91 келі: Диар Роман (Түркістан облысы). 

Айта кетейік, турнир жеңімпаздары сәуір айында Польшада өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.