Бүгін жер реформасына қатысты құрылған комиссия өз жұмысын бастайды

Санитарлық талаптарға орай комиссияның алғашқы отырысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында онлайн ұйымдастырылады.

Осыған дейін жер реформасына қатысатын жұмыс тобының құрамы бекітілген еді. Оған премьер-министрдің орынбасары төрағалық етіп, министрлер мен облыс әкімдерінен бастап, қарапайым шаруалар қоштап, ұзын-саны 80-ге жуық адам қатысады.

Жалпы, еліміздегі телімдердің сатылымына қатысты алыпқашпа әңгімелер көбейіп кеткен соң, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды деген заңды шұғыл дайындауға тапсырма берген еді.

Айта кетейік, комиссияның бүгінгі отырысын сағат 10:00-де арнамыздан да көре аласыздар. Сондай-ақ қандай шешім қабылданып, нендей мәселе талқыланып жатқанын да арнамыздың тілшілері айтып беретін болады.