Былтыр елімізде 823 жалған банкнот пен монета анықталды – ҰБ

Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев 2020 жылы анықталған жалған банкноттар туралы түсіндірме берді.

«2019 жылмен салыстырғанда Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38% азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета)», - делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады, сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%.

Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.

Сондай-ақ...