Ералы Тоғжанов: Халқымыз үшін жер – кәсіптің көзі

Сондықтан ол ерекше бағалы ұғым. «Жер – ырыстың кіндігі, еңбек – ырыстың қазығы, бірлік – ырыстың тізгіні. Мұны осы жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Атап өтейік, 2016 жылы ауылшаруашылық жерлерін қазақстандықтарға жекеменшікке, шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаларға жалға беруге мораторий жарияланған. Ал Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға беруге толықтай тыйым салу туралы шешімін жариялады. Осыдан соң премьер-министрдің өкімімен Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия 80 адамнан тұрады. Оның 60 проценті - азаматтық қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар. Комиссия төрағасы болып премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ал оның орынбасары болып Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бекітілді.