Алматыда жасөспірім бір аптадан аса уақыт іздестіріліп жатыр

Алматыда 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті. Іздестіру жұмыстары бір аптадан аса уақыт жүріп жатыр, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Еріктілер тобы 2007 жылы туған Артем Зайцев 16 наурызда түстен кейін үйден шығып, қайта оралмағанын хабарлады. 

«Сағат 11:00 шамасында ол Өтепов көшесінде орналасқан үйден шықты. Белгілері: бойы – 165 сантиметр, дене бітімі – орташа, көзі қоңыр, шашының түсі ашық, қысқа. Үстінде қара-жасыл сырт киім, қара жемпір, қара шалбар және ақ түсті аяқ киім болған», - деді белсенділер.

Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы Зайцевті іздеу ісі қозғалғанын хабарлады.

«Жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамында криминал, ювенал полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар бар. Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалған жағайлар болған. 

Жасөспірімді қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық мекемесінде көрген адамдар туралы ақпарат түсті. Ол қайыр сұрап жүрген. Қазір барлық ақпарат мұқият тексеріліп жатыр. Расталса, міндетті түрде баланы өз бақылауымызға алып, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз», - деп хабарлады Бостандық ауданы полиция басқармасының бастығы подполковник Думан Аухадиев.

Артем Зайцев туралы кез келген ақпаратты білетін адамдардан анасы Светланаға 8 707 582 31 96 немесе полицияға 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.