433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

М.Тайжан: Азаматтық беру тәртібін қатаңдату керек

  • 111
  • UPD: 15:00, 25.03.2021

Қазақстан азаматтығын беру тәртібі қатаңдатылуы керек.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан осындай бастама көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24». Жер комиссиясының отырысында ол халықаралық тәжірибеден мысал келтірді. Кей елде азаматтық алу үшін мемлекеттің тіліне, тарихына қатысты емтихан тапсырады. Сол елде ең кемінде бес жыл тұрып, адалдығын дәлелдеуі қажет. «Бізге де бұл тәжірибенің қажеті бар», – деді қоғам қайраткері.

Мұхтар Тайжан жердің шетелдіктерге сатылмауы және жалға берілмеуі жөніндегі бастаманың қолдау тапқанын айтты. Енді ел азаматтарына да жекеменшікке бермеуді ұсынды. Бұл пікірмен сенатор Ақылбек Күрішбаев та келісті. Оның айтуынша, жер тек мемлекет меншігінде болуы тиіс. Бұл қауіпсіздік үшін аса маңызды. Себебі Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі бойынша әлемде 6-орында. Егістік алқаптары жан басына шаққанда 1,3 гектардан келеді. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Австралиядан кейінгі екінші орында.

Хабар 24 телеарнасы