Жер салығын ауыл бюджетіне түсіру ұсынылды

«Жер шетелдіктерге берілмесін» деп жүргенде, қазіргі жер пайдаланушылардың Қазақстан резиденттігінен шығып, шетел азаматтығын алып жатқанын байқамай қалдық. Өкінішке қарай, мұндай фактілер бар».

Алқалы жиында Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24». «Шетел азаматтығын алып жатқандар қолдағы мыңдаған гектар жер телімін банкке кепілге қойып, қыруар ақша алып, кейін шетелге қашып кетпеуіне кім кепіл? Сондықтан тиісті механизмдерді қарастырған жөн», – деді Жигули Дайрабаев. Сондай-ақ қауымдастық төрағасы жерді жалға алғандардың ашық тізімі болуы керектігін айтты.

«Елдің көзі – елу» деген принципті жер мәселесіне де қолдану қажет. Жигули Дайрабаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығы жерлерінің салығын ауыл бюджетіне тікелей түсетін қылу қажет.

«Қазір ауыл бюджеті алты түрлі салықтан құралады. Алайда оның жиынтығы ауыл әкімі аппаратының бір айлық жалақысын төлеуге де жетпейді. Осыған байланысты жер реформасы аясында Салық кодексіне де тиісті өзгерістер енгізу керек деп есептейміз», – деді қауымдастық төрағасы.