433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелден келген екі қазақстандықтан ковид анықталды

  • 81
Шетелден келген екі қазақстандықтан ковид анықталды

Елге ұшақпен жеткен екі адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың біреуі – Ыстамбұл-Алматы, екіншісі Киев-Нұр-Сұлтан бағытымен келгендер. Ал өткен тәулікте ел аумағына 42 халықаралық рейс жасалды. Жолаушылардың 43-і коронавирусқа бар-жоғына тексерілмеген. ПТР анықтамасы жоқ азаматтар Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларында анықталды. Қазір карантиндік стационарларда тест нәтижесін күтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы