Тәуелсіздік жылдарында 13,4 мың шақырымға жуық жол салынды

Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 13,4 мың шақырымға жуығы салынып, реконструкцияланды.

ҚР ИИДМ мәліметінше, жүргізілген жол жөндеу жұмыстары республикалық маңызы бар тас жолдардың магистральдық желісіндегі бұзылған учаскелерін, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты алты негізгі халықаралық транзиттік дәлізді қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, бұл жылдары учаскелердің жалпы көліктік пайдалану жағдайы айтарлықтай жақсартылды. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 96,8 мың шақырымды құрайды. 1991 жылы бұл көрсеткіш 86 мың шақырымды құраған болатын.