425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында боранды күндері жолға шыққан 20-ға жуық адам құтқарылды

  • 184
  • UPD: 16:51, 25.03.2021
Ақтөбе облысында боранды күндері жолға шыққан 20-ға жуық адам құтқарылды

Ақтөбе облысында боранды күні адасқан 43 жастағы азамат аман-есен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таңда үйінен шығып, қайта оралмаған шаруа қожалығының жұмысшысын іздеу кеш түскенше жалғасты. Нәтижесінде төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері оны Ембі қаласынан 30 шақырым жерден тапты. Ол жоғалған мал іздеп, қыстақтан ұзап кеткенін айтқан. Бірақ үнемі қозғалыста болғандықтан үсік шалмапты. Бұдан бөлек, Темір ауданының аумағынан да ақтүтек боранда адасып кеткен екі тұрғын табылып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді. Жалпы өткен демалыс күндері ауа райының қолайсыздығын ескермей жолға шыққан 20-ға жуық адам қар құрсауынан құтқарылған. Оның арасында көліктері жолда тұрып қалған жолаушылар да бар.

Құмар Тұрмағамбетов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Қар құрсауында қалып қойған. Оларға біздің қызметкерлер шығып, машиналарын таза жерге шығарып, аман-есен олар да өздерінің елдеріне жетті. Онда екі машина, тоғыз адам. Одан басқа, 5 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды. Енді әрине, біз бірнеше рет айттық, халыққа боранның алдында «қажетсіз елді мекеннен шығуға болмайды» деп. Енді оған қарамастан осындай оқиғалар тіркеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы