Оралда еріген қар суын сорғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Оралда бүгінгі күнге дейін 638 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сорғызылған судың жалпы көлемі 10 мың текше метрден асады. Қаладағы ең қауіпті аймақтар: Екінші жұмысшы шағын ауданы, ет комбинаты, деркөл, зашаган, ескі әуежай және базар аумағы. 109 нөміріне тұрғындардан күніне 50-60 өтініш түседі екен. Су сорғызу жұмыстарына жол пайдалану кәсіпорнының 100-ден аса техникасы мен 300-ден аса жұмысшысы жұмылдырылған. Жеке кәсіпорындардың техникалары да тартылып жатыр.

«Қаладағы арықтардың көбі судың өз бағытымен ағып кетуіне есептелмеген. Әрі жеке сектордағы тұрғындар өз ауласындағы қарды көшеге шығаруға енжар. Бұл да жұмысымызға қиындық келтіреді»,- дейді мамандар.

Наталья Петрова, қала тұрғыны:

- Жолдардың үсті толған су. Соны тезірек сорып алса дейміз. Қар да жедел еріп жатыр ғой, сондықтан қала көшелерінің таза болғанын қалаймыз.

Ринат Нұрғалиев, Жол пайдалану кәсіпорнының директоры:

- Жеке секторларда қыс мезгілінде қар шығарғанда тұрғындармен сөйлестік, ауланың ішіндегі қарларын жолдың жанына шығарса алып кетеміз дедік. Кейбірі шығара алмаған жерлерде аулаларда қалды, сол участоктарда су жиналып жатыр. Көп жерлерде бізде жолдың жанында су жиналыуға арналған арық кәріздері бар, олар ешқайда кетпейді, қазір ол жерлер де толып тұр. Қазір сол жерлерде су сору жұмыстары жүріп жатыр.

 

Сондай-ақ...