Атырау облысы «қызыл» аймаққа қайта кірді

Атырау облысы бүгіннен бастап коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймаққа» енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен үш тәулікте 180-ге тарта адамнан қауіпті індеттің белгілері байқалған. Тек бір күнде облыс бойынша 65 адамның коронавиурсқа шалдыққаны анықталып отыр. Сондай-ақ Теңіз кен алаңындағы жағдай да қалыпқа түскен жоқ. Аурудың бұлайша ушығуын мамандар бес күнгі мерекедемен байланыстырып отыр. Ал, санитарлық дәрігерлер болса қаулы шығаруға әлі асығар емес. Өйткені ертең-ақ «қызылдан» «сары» аймаққа қайтадан өтуіміз мүмкін деп сендірді. Әзірге облыс бойынша ешқандай карантиндік шектеу енгізілген жоқ.

Гүлназ Ербатырова, облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары:

- Кейде болады, бүгін «қызылда» тұрсақ, бүгін аурушаң төмен тіркелсе, көрсеткіш бойынша есептеледі ғой. Ертең «сарыға» қайта шығып кетуіміз мүмкін. Сондықтан жалпы соңғы кездегі, мысалға аурушаңдықты қарай отырып талдау жасап, сол мақсатта шығарамыз.